Басты бетЖаңалықтарЕгипет билігі...

Египет билігі EgyptAir А-320 ұшағының бөлшектері табылғанын растады

Жерорта теңізінен табылған заттардың ішінде құтқару жилеттері бар.

Аэробус А-320 Парижден Каирге қарай ұшып келе жатқан кезінде радарлардан жоғалып кеткен. Ұшақта 66 жолаушы мен экипаж мүшелері болған, олардың көпшілігі — Египет пен Франция азаматтары.

Ресми орындар ұшақ техникалық ақаудан көрі лаңкестік шабуылдан опат болды деген болжам шындыққа көбірек жанасады деп санайды. Бұл туралы Мысырдың авиация министрі де айтқан болатын.

Суға құлардың алдында ұшақтың екі мәрте шұғыл бұрылыс жасаған соң, күрт төмен құлдилағаны туралы дерек бар. Сонымен бірге аспанда жарылысты байқадық деген куәгерлер табылды.