25 мамыр: Ауа райы жауын-шашынсыз болады

Солтүстікте, шығыста және орталықта атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, шаңды дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін.

Республиканың кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, шаңды дауыл, тұман күтіледі, солтүстікте.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл болады, бұршақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.  Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында шаңды дауыл болады.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты ыстық болжануда.

Түнде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.