Басты бетЖаңалықтарСыр өңірінде...

Сыр өңірінде 800-ден астам адамды кене шаққан

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының хабарлауынша, былтыр өңірдегі емдеу орындарында 1434 адамға кене шағу дерегі бойынша тиісті медициналық шаралар жүргізілген. Осындай жағдай салдарынан Шиелі ауданында 1 адамның өлімі тіркелген. Жыл басынан бері 800-ден астам адам кене шағу диагнозы негізінде дәрігерлер қарауына келген. Олардың арасында төртеуінде қырым-конго безгегінің алғашқы белгілері анықталды.

«Аймақта зиянкес жәндіктің таралу аумағы артып келе жатқаны алаңдатады. Бұған дейін облыс аумағында ауру тасығыш кененің 6 түрі кездескен. Мамандар қазір бұл паразиттің тағы бір түрін анықтады»,-  дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

 Қызылорда облысы елімізде кене шағу қаупі жоғары аймақтар қатарында саналады. Бұл жәндіктер көктем мезгілінде күрт көбейеді. Аталмыш мәселе «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының денсаулық бағытындағы аймақтық комиссия отырысында тиісті сала мамандарының қатысуымен талқыланды.

Дереккөзinform.kz