Қызмет бабымен баспанасын үнемі ауыстырудың әскери қызметкерлерге, әсіресе олардың отбасына әсері қатты. Олардың тұрмыс салты қатардағы азаматтардан тым бөлек. Мысалы, олар жиһаз алып, біржола орнығудың қамын жасай алмайды; олардың балалары да үнемі мектеп ауыстыруға мәжбүр. Осындай күрделі тұрмыстық жағдайда болғаны үшін олар қызметінің аяғында жекеменшік баспанаға ие бола алса жақсы.

Елімізде Қорғаныс Министрлігі тарапынан әскерилерді баспанамен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау шаралары кешенді түрде жүргізіліп келеді. Соның арқасында әскери қызметтің мәртебесі артып отыр. Әскери мамандық алуға немесе офицерлік оқуға талаптанушылар жыл сайын көбеюде. Енді жауынгердің өмірі бұрынғыдай «сергелдеңге түсу» деп қабылданбайды.

Баспана мәселесінде Қорғаныс Министрлігі казармаларды жаңартудан бастап, жекеменшік баспана беру ісін методикалық түрде жалғастырып келеді. Мысалы, өткен жылы аймақтық «Шығыс» командованиесінде өткен жылы жаңа, заманауи талаптарға сай казарма салынды. 100 адамға арналған ауданы 1100 шаршы метрге жуық казармада жауынгерлердің дем алуына және жеке уақытын өткізуге барлық жағдай жасалған. Казарманың жатын бөлмесі, ақпараттық-тәрбиелеу бөлмесі, психологиялық қалыпқа келу бөлмесі, рота командирлері мен олардың орынбасларланыа арналған бөлмелер, қару-жарақ сақтайтын және тазартатын бөлмелері бар. Жаттығу залдары, душқа түсу, жауынгерлердерің тұрмысы мен дайындығын өткізетін басқа да бөлмелер осы ғимарат ішіне орналасқан. Казарма салу — әскери бөлімшелер үшін Қорғаныс министрлігі ұдайы жүзеге асырып отыратын жоба.

Баспана мәселесі
Спасск қаласының жауынгерлері қоныс тойын тойлауда © ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қыметі

Әскери ведомство бұған қоса әскерилердің жекеменшік баспана мәселесін де жіті қадағалап, нақты шешімдер шығарып отыр. Мысалы, өткен жылы Қорғаныс Министрлігінде өткен жылы Министрдің орынбасары, генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың басшылығымен, Бас басқармалардың, әскери бөлімешердің, аймақтық эксплуатациялық бөлімшелердің, Ақмола гарнизонының — Заң бөлімдерінің басын қосқан селекторлық жиын өтті. Онда Қазақстан Республикасының тұрғын үйге байланысты заң актілеріне жасалған өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әскерилерді баспанамен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының тұрғын үй жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Оның мақсаты — әскери қызметтің мәртебесін көтеру, әскери қызметтегілер мен олардың отбасының әлеуметтік-құқықтық мәртебесін көтеру болатын. Осыған байланысты, жиналыста сол заңдағы өзгерістер мен толықтырулардың жүзеге асыру реті талқыланды. Әскерилерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа механизмін түсіндіру жұмыстары үшін барлық 18 эксплуатациялық бөлімшеде тікелей телефондар қосылды.

Бұл әрине, әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарының жалғасы ғана. Себебі қызметтік тұрғын үймен жабдықтау — ведомствоның ұдайы жүргізіліп келе жатқан жұмысы. Мысалы, өткен жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай, Ақмола гарнизонының 240 отбасына қызметтік пәтердің кілті тапсырылды. Ол үшін Қарулы Күштердің барлық нысандарының құрылысын жүргізетін «Әскери құрылыс» АҚ Астана қаласының «40» стансасында бес қабатты 2 үй тұрғызған болатын. Кілт тапсыру салтанатында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жаяу әскерлерінің бас қолбасшысы Сұлтан Камалетдинов «әскерилерді әлеуметтік қорғау мәселесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы мен Қорғаныс Министрінің үнемі назарында» екенін атап өтті. Пәтер кілтінің бақытты иегерінің бірі болған 3-санаттағы сержан Рахат Тұрсынбаев жаңа пәтерінің кең, жарық, әрі онда барлығы дайын екенін айтып, қуанышын жасыра алмады. Қатардағы жауынгердің бұл бағасы әскерилерді әлеуметтік қорғау жұмыстары деңгейінің әділ бағасы деуге болады.

Баспанамен қамтамасыз ету үрдісі аймақтар арасында тепе-тең жүргізіліп келе жатқанын атап өту керек. Бұл өз кезегінде тек әскерилердің мәселесін емес, сонымен бірге моноқалалардың да жаңғыруына септігін тигізіп келеді. Мысалы, өткен жылы Қарағанды облысының Спасск қаласында әскери қызметкерлер мен контракт негізінде жұмыс істейтін 25 отбасыға да жаңа пәтер кілттері тапсырылды. «Астана» аймақтық командованиесіне қарасты 36352 ә/б жауынгерлеріне де су жаңа баспана беріліп, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жаяу әскерлерінің бас қолбасшысы Сұлтан Камалетдинов құттықтау сөзінде Елбасының нұсқауларын жүзеге асыру мақсатында мұндай жұмыстардың жалғаса беретінін жеткізді. Бұған қоса, Спасск қаласында 100 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Ендеше, жаңа пәтерге ие болған әскерилердің қуанышын әлі де бөлісетін боламыз.

Жалпы алғанда, баспанамен қамтамасыз ету үлесі жыл сайын артып, оң динамика сақталып келеді. Мысалы, 2016 жылы барлығы 1 600 жауынгерді баспанамен қамтамасыз ету жоспары болған. Қорғаныс Министрлігінің балансында қазіргі кезеңде 20 мыңға жуық пәтер бар. Қарулы Күштеріміз сонымен бірге тұрғын үй немесе оған балама компенсцияны алу және рәсімдеу бойынша түсіндірме жұмыстарын да жүргізіп келе жатыр. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі тарапынан Тұрғын үй төлемдерін алуға әскери қызметшінің іс-қимыл алгоритмі де жасақталды. Ол туралы келесі роликтен көре аласыздар: