Басты бет Таным Лайфхак: Ер адамдарға суретке қалай сәтті түсуге болады
Суретке түсу
Иллюстрация © Бекзат Исамбергенов

Лайфхак: Ер адамдарға суретке қалай сәтті түсуге болады

Қыздар суретке түскенді жақсы көреді. Ал ер азаматтардың көбісі суретке түскенді жақтырта бермейді. Камераның алдында ер адамдар өздерін емін-еркін ұстай алмайды. Суретке түскенде де олар қабақтарын шытып, тіп-тік тұрып түседі. Суретке әдемі түскіңіз келсе, қарапайым және табиғи 9 позаны есте сақтаңыз.

Суретке әдемі түсу үшін бұлшықеттеріңді ширатып, түр-әлпетіңді қатыгез қып көрсетудің қажеті жоқ. Басты ереже — өз-өзіңе сенімді болу.

Суретке түспестен бұрын, денеңді бос ұстап үйрен. Күлкіңнің өзі қарапайым, шынайы болсын. Кейде көзбен күлген де жеткілікті. Ерлерге көбіне денесімен камераға тікелей қарап, белден төмен сәл қырымен тұрып түскен жарасады.

Тік тұрып түсу

Анфас

Төсіңнің астынан екі қолыңды бір-бірімен айқастырып қойсаң, өзіңе деген сенімділігіңді арттырады. Арқаңды тік ұстап, ішіңді тартыңқырап тұр. Бұл суретке түсудің сәтті позаларының бірі.

Позы для фото. Анфас

©Gladkov/Depositphotos.com

Қабырғаға сүйеніп түсу

Қолыңды айқастырып немесе қалтаңа салып, арқаңмен немесе қиғашыңнан қабырғаға сүйеніп тұрсаң болады. Объективке тік қарап түсу шарт емес. Ерекшелік үшін басыңды оңға немесе сол жақа қарай сәл бұрып түссең әдемі шығады.

Позы для фото. Прислонившись к вертикали
©feedough/Depositphotos.com

Асимметриялы поза

Бар салмағыңмен бір аяққа сүйеніп, екінші аяғыңды айқастырып қой немесе бос ұста. Қолыңды қалтаңа салып, басыңмен объективке, ал көзқарасыңды басқа жақа бұрып түссең өте сәтті кадр шығады.

Позы для фото. Асимметричная поза
©Manowar1973/Depositphotos.com

Жұмыс орнында суретке түсу

Үстелге сүйену

Бар денеңмен үстелдің үстіне отырып алудың қажеті жоқ. Үстелге сәл ғана жантайып түссең әдемі шығады. Қолыңмен үстелді ұстап тұруға, қалтаңа салып немесе төсіңнің астынан екі қолыңды айқастырып қойып түсуіңе болады.

Позы для фото. Сидя на столе
©shock/Depositphotos.com

Үстелге отырып түсу

Үстелге отырып, бір қырыңмен жантая объективке тік қарап түсуге болады. Бір қолыңды алдыңа қойып немесе иегіңе тақап қойып түс. Екінші қолыңды бос қылмай қағаз, блокнот, яғни кез келген қарапайым дүниені ұстап отырсаң, әлдеқайда шынайы және әдемі шығатынын ескер.

Позы для фото. Сидя за столом
©Lenets_Tatsiana/Depositphotos.com

Эмоцияға ерік беру

Креслоға отырып, бір аяғыңды екінші аяғыңның үстіне айқастырып, ал қолдарыңды шынтақ сүйегішке тіреп, тізеңе қойып немесе иегіңе жақындатып қой. Басыңды тіп тік емес, ыңғайлы етіп ұста. Және эмоцияға ерік бер.

Позы для фото. Доминируя
©furtaev/Depositphotos.com

Жерге отырып түсу

Сүйенішсіз отыру

Кеудеңмен сәл алға қарай жылжып отыр. Арқаңды тік ұста. Аяғыңды алдыңа қойып, қолдарыңды соның үстіне қисайтып қой. Өзіңді бос ұстауды ұмытпа.

Позы для фото: сидя, без опоры
©photo_oles /Depositphotos.com

Қабырғаға жантайып отыру

Қабырғаға немесе ағашқа сүйеніп, бір аяғыңды соз да, екінші аяғыңды тізе бүгіп отыр. Бір қолыңмен жерді тіреп отырсаң, екінші қолыңды тізеңнің үстіне қой. Денеңді бос ұстап, арқаңды сәл артқа қисайтып отырып түс.

Позы для фото: сидя с опорой на вертикаль
©Wavebreakmedia/Depositphotos.com

Ірі план

Мұнда кез келген позада түсе беруге болады. Суретке әр ракурстан алып түсіру керек. Бір кадрда күліп түссең, басқасында байыпты түр көрсет. Объективке тік қарап түссең де, немесе керісінші басқа жақа қарап түссең де болады. Кейбір суреттерде бетіңе қолыңды қойып түс.

Позы для фото: крупный план
©curaphotography/Depositphotos.com

Жоғарыда аталғандар қатып қалған ереже емес. Бірақ осылардың арасындағы 2-3 позаның сіз үшін сәтті болары сөзсіз. Камерада өзіңізді еркін ұстауды үйреніңіз. Сонда фотосессия жасау сіз үшін қиын іс болмайды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!