Қазақстан бойынша ең қымбат темекі Жезқазғанда сатылып жатыр. Онда бір қорабына 393 теңге сұрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ке көп. Ал Ақтауда бұл баға 390 теңгені, Көкшетауда 385 теңгені құрайды. Ал Таразда темекі бағасы жыл басынан бері 16,6%-ке өсіп, 380 теңгеге жеткен.
Темекінің бағасы әлі де өсе береді. 2017 жылдың 25 қыркүйегінде Үкімттің №587 қаулысы бойынша 2007 жылы қабылданған №260 «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізілген еді.
Осыған байланысты 2018 жылыдң 1 қаңтарынан бастап еліміздегі бір қорап темекінің бағасы 340 теңге болды. Ал 1 шілдеден бастап ол 360 теңгеге, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 380 теңгеге дейін көтеріледі.