Басты бет15 мамыр...

15 мамыр — Халықаралық отбасы және климат күні

Халықаралық отбасы күні

1993 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын 15 мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі.

Халықаралық климат күні

1992 жылы Халықаралық қауымдастық парникті газдардың ауаға таралуымен байланысты қауіпті мойындай отырып, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі конвенциясына қол қою туралы уағдаласты. Содан бері 15 мамырда Халықаралық климат күні аталып өтіледі.

Әскери қызметтен бас тарту күні

Сондай-ақ, бүгін ар-ұят сеніміне байланысты әскери қызметтен бас тартудың халықаралық күні. Бұл күн 1997 жылдың 15 мамыры күні бекітілді. Нақ осы күні немістердің федералды парламенті (Бундестаг) нацистік әскери сот төрелігі жеке бас сеніміне байланысты әскери қызметтен бас тартқан және осы себептермен қызметтен қашқаны үшін қудаланғандарды ақтау туралы қарар шығарды.