Астанада «Біз таза елорданы қолдаймыз!» акциясы басталды

Кең ауқымды сенбілікті өткізіп, қала көшелерін тазартуға көптеген отбасылар, ұжымдар шықты. Олардың арасында қала әкімі Әсет Исекешев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрлан Нығматулин, «НұрОтан», «Ақжол», ҚКХП партиялары парламенттік фракцияларының депутаттары, Мәжіліс аппаратының қызметкерлері де қатысты. Наурқанға қатысушылар 120-ға тарта ағаш көшеттерін отырғызды. Жалпы алғанда шара барысында барлығы 17 313 ағаш егіледі деп жоспарланған.

Айта кетейік, 9 сәуір мен 10 мамыр аралығында елорда аумағынан 4 227,74 тонна қалдық шығарылып, 9 сәуір мен 9 мамыр аралығында 8 065 ағаш отырғызылды.

 

ДереккөзAstana.gov.kz