Жер реформасы жөніндегі Комиссияның құрамына кіргендердің толық тізімі

Бұл Комиссияның Мемлекет басшысының ҚР Жер кодексіндегі нормаларды талқылау және түсіндіру үшін және ұсыныстарды қарау үшін құрылғаны айтылады.

Сонымен, Жер реформасы жөніндегі Комиссияның құрамы:

Бақытжан Сағынтаев — Қазақстан Республикасының премьер-министрінің бірінші орынбасары

Мұхтар Құл-Мұхамед — «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары

Жақсылық Үшкемпіров — «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы, қоғам қайраткері, төраға орынбасары

Дәурен Абаев — ҚР ақпарат және коммуникация министрі

Қайнар Абасов — «Хлопковая компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Берік Әбдіғали — саясаттанушы

Мақсат Әбдікәрімов — «Ассоциация садоводов» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы

Мұрат Әбенов — қоғам қайраткері

Қуаныш Айтаханов — ҚР Парламент Сенатының депутаты

Жанұзақ Әкім — Халықаралық адам институтының президенті

Нұржан Әлтаев — «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасының орныбасары

Жанарбек Әшімжанов — Қазақстанның жазушылар одағы басқармасының төрағасының орынбасары

Қатауолла Ашығалиев — «Агрофирма «Ақас» ЖШС директоры

Дәурен Бабамұратов — «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшісі

Зәуреш Баймолдина — ҚР әділет министрінің орынбасары

Сайын Бақтыбаев — «Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы

Зәуреш Батталова — «Қазақстандағы парламентаризм дамуы» қоғамдық қорының президенті

Марат Башимов — Еуропалық құқық және адам құқығы институтының директоры

Әли Бектаев — «Ауыл» халықтың патриоттық партиясының төрағасы, ҚР Парламент Сенатының депутаты

Қайрат Бисетаев — Қазақстанның Картоп өсірушілер және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы

Қуандық Бишімбаев — ҚР ұлттық экономика министрі

Макс Боқаев — «Арлан» үкіметтік емес ұйымының төрағасы

Сайран Бұқанов — «Каркен» ЖШС директоры

Евгений Ган — Қазақстан астық өндірушілері мен нан пісірушілері одағының президенті

Әуезхан Дарынов — «Қазақстанның фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті

Темірхан Досмұхамбетов — «Байсерке-Агро» агроөнеркәсіп холдингінің жетекшісі

Дүйсебаев Жексенбай — Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты

Нұрлан Ерімбетов — «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

Жүрсін Ерманов — ақын, журналист

Ибрагим Жангуразов — «Ижевский» өндірістік кооперативінің жетекшісі, «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі

Ораз Жандосов — «Ракурс» экономикалық сараптама орталығы» қоғамдық қорының директоры

Тасқын Жапарқұл — «Ернар» шаруа қожалығының жетекшісі

Бибігүл Жексенбай — бас редакторлар клубының жетекшісі

Мырзатай Жолдасбеков — қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы

Самұрат Имандосов — «РЗА» акционерлік қоғамының президенті

Нартай Ысқақов — «Нарол» ЖШС директоры, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты

Ғани Қалиев — «Ұлттық аграрлық ғылыми білім орталығы» республикалық коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесі төрағасы

Асылбек Қожахметов — «Almaty Management University» білім беру мекемесінің президенті

Владислав Косарев — Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің құрметті Хатшысы

Дереккөзtengrinews.kz