Бала 1-ге толды. Оңтайлы рацион. Бәрін беруге бола ма?

Балалы болған соң күнде бір мәселе шығып отырады. Ал оның жауабын анасы қайдан білсін? Әр ана сәбиінің әрдайым дені сау, риза болып жүргенін қалайды. Бір жасар балаларды тамақтандыру мәселесіне қатысты біздің кеңестерге көз жүгіртіңіз.

12e7595d19c51aa82b47c4547f354ddb Бала 1-ге толды. Оңтайлы рацион. Бәрін беруге бола ма?

Сәби бір жасқа толғанда көптеген ана баланы емшектен шығарып, ересектер тағамымен тамақтандыра бастайды. Дегенмен, емшектен шығару кезеңі баланың белсенді даму мен өсу кезеңімен тұспа-тұс келеді. Бұған дейін бала қажетті заттектерді анасының сүті арқылы алып отырса, енді дәрумендер мен минералдарды тек тағамнан алуына тура келеді. Баланың іші де жайсыздық сезінеді — ол жаңа тағамдарды қорытуды үйренуі керек.

Сондықтан осы кезеңде баланың іші жиі ауырып, мазасызданады. Мұның себебі сәби ішінің микрофлорасы әлі дамымағандығында, сондықтан тағамдағы кез келген өзгеріс реакция туғызады. Жаңа тағамдар, баланың бәрінің дәмін татып көруге құлшынысы, оған қоса жерде жатқан ойыншықты да аузына апаруы — микрофлораға салмақ түсіреді.

ba3df63bbc49b29504eacc67218bff62 Бала 1-ге толды. Оңтайлы рацион. Бәрін беруге бола ма?

Демек, сәби рационы оның жасына және толық қалыптаспаған ас қорыту жүйесіне сай болуы керек.

Сәби тұтынған тағам оның пайдалы заттектерге қажеттілігін қаншалықты қанағаттандырады — бұл да назар аударуды талап ететін жайт. Ересектерге қарағанда балалардың асқазаны 3 есе кішкентай болғанымен, дәрумендер мен минералдар балалар ағзасына ересектердікіне қарағанда 5,5 есе көбірек қажет.

43c04f3730f447e8a233e6e628349256 Бала 1-ге толды. Оңтайлы рацион. Бәрін беруге бола ма?

Бұдан шығатыны, ересектердің тағамы сәбидің пайдалы заттектерге қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Дәл сол себепті баланың ересектер тағамына өтуін асықтырудың қажеті жоқ. Баланың рационын ішінің дамып келе жатқан микрофлорасына салмақ түсірмейтіндей, ағзасына қажетті дәрумендер мен минералдар толықтай жеткізілетіндей ойластыру қажет.d737750b8e002815ad6d2f3e1d44d9f1 Бала 1-ге толды. Оңтайлы рацион. Бәрін беруге бола ма?

Ешқандай дәмдеуіштерсіз буға піскен көкөністер мен ет, ботқалар мен жемістер — жақын болашақта баланың рационынан табылуы тиіс азықтар. Баланың қажеттіліктерін ескере отырып дайындалған арнайы балалар өнімі де жарайды. Қуырылған және майлы тағамдардан, консервілерден аулақ болған жөн, сонымен қатар өнімдердің сапасына аса мән беріңіз. Бұдан өзге, 3 жасқа дейін сәбиге сүт беру ұсынылмайды.

Сүттің пайдалы қасиеті мол деп жатады, бірақ оны неге сәбиге беруге болмайды?

Жоғарыда айтып өткеніміздей, сәби ішіндегі микрофлора әлі қалыптасу үстінде, ал сүттегі ақуыз қорытылуы қиын тым күрделі құрылымға ие. Сәбиіңіз бұған әлі дайын емес! Сонымен қатар, сиыр сүтіндегі пайдалы заттектер сәби ағзасына мөлшер жағынан да, сапа жағынан да сай емес. Себебі сиыр сүті туғаннан кейін бірден аяққа тұрып кетуі тиіс бұзау ағзасына негізделген, ал сәбидің нәзік ас қорыту жүйесіне сүттің құрамы тым күрделі.

2615890bea23284a724fa2d7f8842041 Бала 1-ге толды. Оңтайлы рацион. Бәрін беруге бола ма?

Бір жасар балаға айран беру де ұсынылмайды, себебі оның негізгі компоненті — сиыр сүтінің ақуызы.

Сондықтан сүт те, айран да баланың ас қорытуына көмектеспейді, керісінше, асқазан-ішек жолдарының бұзылу белгілерін тудыруы мүмкін.

a0326c6ab31bc4bc3c71fa3e63b0996e Бала 1-ге толды. Оңтайлы рацион. Бәрін беруге бола ма?

Балаға су мен шырыннан басқа не беруге болады? Сүтке балама ретінде арнайы балалар сүтін беріп көруге болады. Әсіресе сәбиді емшектен шығарып жатқан болсаңыз, оған лайықты балама табу маңызды.

Қай сүтті таңдаған дұрыс?

Қазақстандық көптеген ана* 1 жастан асқан балаларға арналған NESTOGEN® 3 сүтіне басымдық береді. Оның құрамында баланың жайлы ас қорытуын қалыптастыруға ықпал ететін Prebio® пребиотиктері мен L.reuteri бірегей лактобактериялары бар: сәбидің ішек моторикасы жақсарады, сонымен қатар асқазан-ішек жолдарының бұзылу қаупі төмендейді. Бұған қоса, сүт балаға қажетті дәрумендер мен минералдар кешеніне ие.

f8111a9ca433c68a2916126f95602097 Бала 1-ге толды. Оңтайлы рацион. Бәрін беруге бола ма?

Қорытындылай келе, маңыздыларын атап өтейік:

  1. Емшек сүтінен ересектер тағамына дұрыс өту маңызды!
  2. Сәби микрофлорасы 3 жасқа дейін дамиды
  3. Сәби асқазаны ересектердікіне қарағанда 3 есе кішкентай, ал дәрумендер мен минералдарға қажеттілігі едәуір жоғары
  4. Ересектердің тағамы бір жасар балаларға жарамайды
  5. Сәбидің жасына сай келетін азықты таңдаған дұрыс
  6. Сиыр сүтін немесе айранды сәби рационына қоспаған жөн
  7. Сүтті сәби қажеттіліктерін ескере отырып дайындалған арнайы балалар сүтімен алмастыруға болады.

495f119fd74ec6cbd56874a8a291af8c Бала 1-ге толды. Оңтайлы рацион. Бәрін беруге бола ма?

Балалар сүтін таңдауда өзге аналардың пікірлері көмектесе алады, мысалы, «Биосфера» сайтына көз жүгіртіп көріңіз:

*Қазақстанда Балалар сүтін ең жиі сатып алатындар — аналар (мәліметтер көзі: әлеуметтік желілерде 29 000+ қолданушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері).

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!