«Ауру» дейтіндерге ренжитінмін

Қанша қиын болса да Жұлдызға сол күнді еске түсіруін өтіндік. 

Әр жетінші-сегізінші адам жылына обыр ауруымен (рак) ауырады. Уайымдау, стресс, қиналу – мұның бәрі рак клеткаларын асқындырып жібереді. Осыдан екі жыл бұрын магистратурада оқып жүрген кезімде сабақтарымда қиындықтар болды. Соны уайымдағаннан жүрегім ауырып, тамаққа тәбетім жоғалды. Таңертеңнен кешке дейін нәр тартпай жүре бердім. Кішкентай кезімде басым ауыратын. Енді аяғым ісіп, басымның сақинасы қайта ұстады. Денемде бір өзгеріс болып жатқанын сездім. Қазан айында жөтеле бастадым. Ешкіммен сөйлескім келмейтін. Ал сөйлессем бәрімен ұрсысып қаламын, жиі жылайтынды шығардым. Неге екенін білмеймін, бірақ бұл жағдайлар жиі қайталана бастады…

©Жеке мұрағаттан

Бастапқыда Жұлдыз өзін «ауру» дегендерге, тіпті анасына да ренжіген. Алайда дәрігерлер «егер бір ай кешіккенде, біз сенің өміріңді сақтап қала алмас едік» дегенде бәрін де мойындауға тура келіпті.

Жаңа жылдан соң қаңтар айында емтихан тапсыруға Алматыға келдім. Жақсы оқысам да, емтиханнан құлап қалдым. Сынақ кітапшасына мөр қою үшін медициналық тексерістен өту керек болды. Сөйтіп, онкологтың алдынан бір-ақ шықтым. Ауруханадан үйге келсем ауылдан анам келіп отыр. «Не істеп жүрсіз?» десем, «сені сағынып келдім» деді. Бірақ айтқанына сенбедім. Мені ауырып жүр деп ойлап: «Бірге барып тексерілейік», – деді. Анама ренжіп «ауру емеспін» деп тұрып алдым. Дәрігерлер: «Ісік күн сайын ісіп бара жатыр, операция жасаймыз. Жұлдыз, өмір сүріп кетесің, уайымдама», – деді. Сол кезде анам: «Сіз не деп тұрсыз? Қыздың көзінше неге айтасыз?», – деп ұрысты. Осыны естігеннен сәттен бастап ауруды сезіндім…

Отадан соң бәрі қайтадан басталды

Өкпе обырына шалдыққаны анықталған соң, екі аптада Жұлдызды отаға дайындайды. Дәрігерлер Жұлдызды ота алдында тағы тексерістен өткізген кезде, ісік аз уақыттың ішінде 2 есе өсіп кеткенін анықтайды. 

Бастапқыда маған ІІІ саты деп берген. Ал ісік жүрекке жабысып, ІҮ сатыға өтіп кеткен. Ертеңгісін мені отаға дайындады. Отаға кірмес бұрын анам келді. Сол кезде осы уақытқа дейін анамды атымен атап, айтқанын тыңдамағаныма қатты өкіндім. «Егер өліп қалсам, осының бәрі үшін қалай кешірім сұраймын?» деп ойладым. Дәрігерлерге ота үстінде жүрегім тоқтап қалса, жауапкершілікті өз мойныма алатынымды айтып қолхат жазып бергенмін. Сөйтіп анамнан жылап тұрып кешірім сұрадым. Ал әкеме «өзіңізді күтіңіз» деп айтып кеттім. Басыма неге сол ой келгенін білмеймін…

Көктемнің бірінші күнгі "Алғыс айту күнімен" Ең бірінші алғысым АЛЛАХЫМА одан кейін дүниеге әкелген АНАМА арналады???????????? ДОСТАР, АДАМНЫҢ ӨМІР СҮРУ ЕРЕЖЕСІНДЕ ЕКІ ЖАҒЫ БОЛАДЫ! ӘКЕЛІК ЖӘНЕ АНАЛЫҚ☝️. Ол дегеніміз осы екі адаммен өмірдегі байланысымыз. Бұл Байланыс жақсы болмаса, ӨМІР жақсы болмайды, ауырасың, қиналасың, достарыңмен, күйеуіңмен, балаларыңмен жақсы болмайсың, жұмысыңмен де!!! Ал бұл ережеміз жамандарымыз жақсартсақ, жақсыларымыз оданда КЕРЕМЕТ Қылсақ, барлық арман тілек дұғаларыңызды Алла бере салады екен!!! Онда ІСКЕ СӘТ ДОСТАР!!! Мен осы әдісті қолданғанда #ракдурак ҚАШЫП КЕТКЕН!!!???? Өмірі осы теманы айтып жүрем гой ортамда сонда бір апай ішіндегісін айтып, жылаған еді " Жұлдыз анаммен жақсы емес едім, күйеуге шықтым 5 жыл бала көтермедім, себебін түсінбедім, қиналдым, бір күні осы информацияны естігенде іске асырып, анаммен арамды жөндеуге кірісе бастағанда бір ай дегенде жүкті болдым деп????????????" Міне достар анамен қарым қатынасымыздың маңыздылығы Анамызбен қарым-қатынас ????Бақытты әйел болу үшін☝????анаңызбен ара қатынас жақсы болуы тиіс! ????Әйел сұлу және сымбатты болуы үшін☝????анасымен әдемі қатынаста болуы керек! ???? Қайын жұрт, қайын енемен жақсы болу үшін☝???? анаңызбен араңыз дұрыс болуы керек! ????Отбасы материалдық жағдайы да☝????анаңызды жақсы көруіңізге байланысты! ????Жайлы баспана мен бақытты отбасыңыздың болу, болмауы да☝???? анаңызбен ара қатынасыңызға байланысты! ????Күйеуіңізбен отбасы болу ұзақтығы, мәңгілік маxаббатыңыз, сүйікті бола алуыңыз да☝???? анаңызды жақсы көріп, қабылдағаныңызға байланысты! Міне ☝???? сондықтан да: "Жұмақтың кілті — ананың аяғының астында!"-деп бекер айтпайды! . ???? Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол"- атты филімін көру ???? Ш.Айтматовтың повесіне қойылған "Ана Жер Ана"- спектакліне барып көрсеңіз, әсіресе балалармен… ???? Замзагул Шарипова түскен "Заман-ай" фильмін көріп не болмаса Сәкен Жүнісовтың "Заманай мен Аманай"- повесін оқу . Аффирмация: ????МЕНІҢ АНАМ АЛТЫН

A post shared by Samalbekkyzy Juldyz (@samalbekkyzy_juldyz) on

Дәрігерлердің айтуынша, 9 сағатқа созылған операция сәтті өткен. Дегенмен Жұлдыздың денесіндегі ісік дерттің қауіпті түрі болып шыққан. Яғни, қайтадан өсіп шығады екен.

Білесіз бе, отадан оянған кезде шүкір еттім. Бірақ денем қатты ауырды. Ұйықтай алмадым. Сол түнім бір жылға созылғандай болды. Екі-үш күннен соң палатаға шығарды. Бір ай бойы ауруханада анам қасымда болды. Тамақ беріп, бар жағдайымды жасады. Сол кезде анамның барына шүкір еттім. Қадірін білмегеніме қатты өкіндім. Бір айдан соң Қызылордаға үйге шықтым. Сол кезде дәрігерлер бойымдағы ісіктің қауіпті екенін анама айтқан. Біраз уақыттан соң бәрі қайтадан басталды…

Онкологиялық аурудың бір ғана емі — химиотерапия

Бастапқыда барған дәрігердің бәрі «емдей алмаймыз» деген соң, Жұлдыз химиялық ем алуға келісіп, сол кезден бастап осы ауру жөнінде өзі зерттей бастаған.

Рак туралы ізденіп оқи бастадым. Сол кезде психологияммен жұмыс істеуім керек екендігін түсіндім. Егер бала 1-3 жасында психологиялық тұрғыда жақсы тәрбие алса, кез келген қиындыққа шыдайды екен. Ішкі жан дүниесі мықты болады. Мені 4-5 жасыма дейін атам «сен мықтысың, бәрін жеңесің» деп тәрбиелеген. Сол үшін де ішкі жан-дүниемнің мықты екенін білдім. Онкологияда жатсам да, «өлем» деп айтпайтынмын. Айнаға қарап, ішімнен: «Жұлдыз, сен мықтысың, бәрін жеңіп шығасың. Әлі-ақ адамдарға бұл аурудан айығудың жолын түсіндіресің», – деп афермация жасайтынмын. Психологиялық кітаптардан анасымен қарым-қатынасы нашар балалардың мүгедек, жүрек ауруларына жиі шалдығатынын оқыдым. Жұмыста жетістікке жеткенімен денсаулығында кінәрат болады. Осыны естіген соң, анаммен ара қатынасымды түзеуге тырыстым. Бұрынғыдай емес, жылы сөйлей бастадым.  Одан кейін дұрыс тамақтануды қолға алдым. Тек қана қымыз ішіп, жылқының етін жей бердім. Өз-өзіме күн сайын жақсы нәрселер айттым. Онкология бөлімінде көп болмайтынмын. Сыртқа шығып, кофе ішуге, кітап оқуға шығып кететінмін. Әр түні ұйықтар алдында «мен күннен-күнге жақсарып келе жатырмын, әдемі бола бастадым» деп айтқанымнан нәтиже көрдім. Адам өз-өзіне сенімді болуы керек екен. Қазір адамдар өмірді жақсы көруді, позитив ойлауды білмейді. Біз ойымызды өзгертсек, айналамыз да өзгереді.

©Жеке мұрағаттан

Жұлдыздың айтуынша, Алматыдағы онкологиялық орталықта науқастарға жақсы жағдай жасалмаған. Бірақ қай елде емделсе де, бұл ауруды химиялық ем беру арқылы ғана емдейді.

Адамдар «ана жаққа барсам, жақсы емделіп қаламын-ау» деп өздерін алдайды, әрі көп шығындалады. Шетелде жақсы жағдай жасалғанымен, химиотерапия ортақ ем екенін айтқым келеді. Егер науқас белсенді болса, дәрігерлер де жақсы қарайды. Ал үнемі арыз айта берсе, жақсы көзқарас танытпайтыны рас. Ауруханада жатқанда өзімді сол жердегі науқастардың «құтқарушысы» ретінде сезінетінмін. Сол үшін ғана осында жатырмын деп ойлайтынмын. Көп жағдайда дәрігерлер тарапынан қателіктер болып тұрады. Мысалы, науқастың бетіне «сенің осындай уақытың қалды немесе осыншама күннен соң өлесің» деп айтады. Өліммен арпалысып жатқан науқасқа бұл қатты әсер етеді.

Осы оқиғадан кейін есімді жидым…

Қайсар қыз осы оқиғадан соң, өмірге басқаша көзқараспен қарай бастаған. Жанындағы адамның өлімі оны біраз күн күйзеліске түсірген. 

Оразаның уақыты болатын. Құрбыларым ауызашарға шақырды. Сіңлім екеуміз баруға ниеттендік. Сол күні ешқандай тамақ ішпегенмін. Жетінші қабаттан бірінші этажға лифтпен түстік. Лифтте өзімнің әлсіреп бара жатқанымды білдім. Бірінші қабатқа жеткенде дем жетпей, көзім қарауытып кетті. Сіңлім жанұшыра медбикелерді шақырған. Екі медбике екі жағымнан емдеу бөлмесіне апарып, укол, система салды. Қан қысымым 100-ден 30-ға түсіп кеткен. Бір сағаттан кейін көзімді аштым. Жанымда ақ қан ауруының IV сатысында ауыратын бір ағай жатыр екен. Қантамырлары жарылып кеткен. Медбикеміз: «Ауызашардың уақыты өтсе де нәр татпай, сіздерді қарап жүрмін. Ал сіздер орындарыңызға жатпайсыздар. Неге өздеріңізді күтпейсіздер?», – деп ренжіп жүр. Сол кезде ағай: «Ораза екінің біріне нәсіп болмайды екен. Кеше ғана ораза ұстап жүр едім. Айша, сен қандай бақыттысың! Жұмыс істеп те, ораза ұстап жүрсің!» – деді.

©Жеке мұрағаттан

Сол түні ұйықтай алмадым. Сағат түнгі екі-үштерде ағайды көрші палатаға ауыстырды. Таңғы 5-терде қорылдаған дауыс шықты. Тұрып қарасам, ағайдың бөлмесінен шығып жатыр. Әйелі «дәрігерлер қайда?» деп жүгіріп жүр. Бізде түнде дәрігерлер болмайды ғой. Реанимациядан дәрігер шақырайын десе, ол жақта да қиын жағдайда науқас бар екен. Әрең дегенде үйден өзінің бұрынғы дәрігерін шақырды. Ол келем дегенше таңғы 6:30 болды. Реанимацияға апарамыз деп дайындағанда әйелдің қатты дауысы шықты. Сөйтсек ағайдың демі үзіліп кеткен екен… «Жаңа ғана қасымда болған адам енді өмірде жоқ. Бұл қалай?» деп қатты қиналдым. Өйткені ағаймен мен ғана сөйлескен едім. Өлетін адамға ұқсамайтын. Психолог: «Оның өмірі басқа, сенің өмірің басқа. Егер тамақ ішіп, күтінбесең сен де өлесің», – деп айтты. Содан кейін барып шүкір еттім. Тезірек жазылып, адамдарға өлім жанымызда жүр екенін айтқым келді.

Обырға шалдыққан адам не жеуі керек?

Біздің кейіпкеріміз өкпе обырымен екі жыл күрескен. Өзінің айтуынша, былтырғы қыркүйектен бастап нәтижелері жақсара бастаған.

Көп адамдар «Жұлдыз, қалай жазылдыңыз?» деп жиі хабарласады. Олардан «диета ұстап жүрсіз бе?» деп сұрасам, бастарын шайқайды. Ал әрекет пен ниет болмаса қиын. Ауру жас талғамайтыны рас. Жастар жиі тұтынатын нан, фаст-фуд, тез дайындалатын лапша рак жасушаларын көбейтіп жібереді. Сосын бауырсақты пісірген майға қайтадан тамақ пісіруге болмайды. Жалпы майдың өзі адамға зиян. Ал қайтадан қуырылған майға тамақ пісіру адам өміріне екі есе қауіпті. Қазір суға піскен, қайнатылған тамақтар жеймін. Сиыр мен қой етінде холестерин көп. Сол үшін ракпен ауырғандарға жеуге болмайды. Денсаулыққа жылқының еті пайдалы.

©Жеке мұрағаттан

Білесіз бе? Онкологияда жатқанда адамдарға ешнәрсе керек емес. Тек қана жылы сөз айтып, көңіл бөлсеңіз болды. Ақша, дүние олар үшін түк те емес. Өйткені өліммен күресте ақшаның өзі рөл атқармайды.

Статистика не дейді?

Ресми мәліметтер бойынша әлемде әр минут сайын 1 адам өкпе обырынан қайтыс болады екен. Медицина ғы­лым­­дарының докторы, про­фес­сор, дәрігер-онколог Райымқұл Қарақұловтың айтуынша, бүгінде елімізде 163 мыңдай адам осы диагнозбен тір­кеуге алынған. Жыл сайын олардың қатары 35-36 мың нау­қаспен толығып отырады. Өкі­ніштісі, әр жыл сайын 15-16 мың сырқат осы дерт салдарынан көз жұмады. Аурудың таралу көрсет­кіші әр аймақта әртүрлі. Онко­логиялық аурулар солтүстік өңір­лерде кө­бірек кездеседі. Әсіресе, Солтүстік Қа­зақстан, Павлодар, Шығыс Қа­зақстан және Қара­ғанды об­лыс­­тары көш басында тұр екен.