Сондықтанда бала тәрбиесінде туыс-туғандарға деген мейірімділік, жанашырлық көрсетіп тәрбиелеу — басты міндет. Себебі туысқандық қарым-қатынасты нығайту дәстүрлі дінімізде — уәжіп, ал олармен қарым-қатынасты үзу дінімізде қатаң тиым салынған істерден болады.
Туыстардың үйіне бару, хабарын алып, хал-жағдайын сұрау, хат жазу, телефон соғу, ауырғанының көңілін сұрау, тойына қатысу, арнайы іздеп бару, қуанышын бөлісіп, қайғы-мұңына ортақтасу, басына іс түскеннің қасынан табылу, сапарға шығып кеткен ағайынның мал-жанына қарайласу – бұлардың бәрі де осы туыстық қатынастың аясына кіреді. Сондай-ақ көңілі жүдегенді жұбату, қиналған туысқа қол ұшын беру немесе орайы келгенде сый-сыяпат, тарту-таралғы жасау да туыстықты нығайтудың жолдарына жатады.
Туыстық байланыс өмірді ұзартады. Алла елімізді аман, жұртымызды тыныш қылсын!
Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.