Аталған таныстырылымға қалалық білім бөліміне қарасты мектептегі информатика, еңбек, физика ммұғалімдері қатысты. Сонымен қатар, пилоттық жобалар енетін мектептерде оқитын оқушылар да семинарға қатысуға мүмкіндік алды.
Алғашқы болып сөз алған Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев: «Бүгінгі таныстырылымы өткелі жатқан жобалар алдағы уақытта оқушылармыздың білімге деген құштарлығын арттыратынына кәміл сенеміз. Өйткені «Цифрлы Қазақстан» адам білімін ары қарай ұштастыру үшін жасалуда», — деді.
Ал Алматы қаласынан арнайы келген «Транстелеком» және «Алматытранстелеком» мамандары жоғарыда айтылған құрылғыларды таныстырып, әрбір нысанның қандай пайда әкелетініне жете тоқталды.
Мұқият тыңдап отырған мұғалімдер мен оқушылар таныстырылымның соңында әр құрылғыны ұстап, қалай пайдаланатынына көз жеткізуге мүмкіндік алды.