Ғалымжан Әбдірайымов Тараз әкімі болып тағайындалды

Ғалымжан Әбдірайымов 1965 жылы туған, білімі жоғары. 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 2003 жылы «Туран» университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы «Шығыс» колхозында құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған. 1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, «Алрай» шаруа қожалығының төрағасы, «Альтаир» ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры болған.

1998-2002 жылдары Алматы қалалық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары болды.

2003-2009 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы лауазымдарында жұмыс атқарған. 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры — Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

«Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, Қазақстанның құрметті құрылысшы.

Дереккөзkazinform.kz