«Қайрат» командасын Андрей Карпович жаттықтырмақ

Клуб басшылығы мен команданың бас бапкері Карлом Алос Ферердің шешімімен Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясындағы «Оқжетпеске» қарсы ойынға команданы Андрей Карпович жаттықтыратын болды.

Карпович клубқа бас бапкердің көмекшісі ретінде 2017 жылы, грузиялық маман Кахабер Цхададзенің тұсында келген. Ойыншы ретіндегі карьерасын Семейде бастаған, 1998 жылы Қазақстан чемпионы болды. Соңғы уақытта «Қайраттың» шабуыл шебін өзі жаттықтырып жүр.

Айта кетейік, Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясындағы «Оқжетпес» — «Қайрат» кездесуі бүгін өтеді.

ДереккөзInform.kz