Бекет ата мешіті қай жерде орналасқан?

Бекет ата жер асты мешіті Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында орналасқан. Батыс Қазақстан аймағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 1300 шақырым. Алматы мен Ақтау қалаларының ара қашықтығы 2860 км.

Бекет ата дегеніміз кім?

Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл күнде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды. Өлкедегі аса қастерленетін, ислам әлемінде әйгілі ескерткіш – Оғыланды жеріндегі (Үстірттің батыс шыңдары) Бекет-Ата жерасты мешіті. Мешіт Шопан-Ата қорымынан 100 км шығыста орналасқан. Бұл жерде қазақ халқының ұлы данасы Бекет Мырзағұлұлының өзі жерленген.

Қалай жетуге болады?

Ұшақ арқылы

Егер, сіз Бекет ата мешітіне Алматы қаласынан ұшақ арқылы барғыңыз келсе, алдымен Алматы-Ақтау бағыты бойынша билет аласыз. Ұшақ билеттерін авиакомпанияларға бармай-ақ, интернет желісі арқылы алсаңыз болады. Бірінші, уақыт үнемдейсіз. Екінші, таксиге кеткен шығыныңыз қалтаңызда қалады. Үшінші, билетті артық комиссия төлемдерінсіз өз бағасында сатып аласыз. Есіңізде болсын, ұшақ билетін неғұрлым ертерек алып қойсаңыз, соғұрлым тиімді бағада ала аласыз. Алматыдан Ақтау қаласына дейін ұшу уақыты 3 сағат. Ақтау қаласына жеткеннен кейін Жаңаөзен қаласына жол тартасыз. Жаңаөзеннен белгіленген жеріңізге 2 сағатта жетесіз.

Пойызбен

Ал пойызбен баруды жөн деп тапсаңыз,  Алматы-Маңғышлақ бағыты бойынша пойызға билет аласыз. Билеттердің бағасын, уақыт кестесін қарап, барып-қайту билеттерін бірден chocotravel.com-нан алуға болады. Тіпті, билетіңізді дереу ауыстыру керек болса, үйде отырып-ақ іске асыруға болады. Алматыдан Ақтауға пойызбен жету уақыты 3 күн. Ақтау қаласында темір жол вокзалы жоқ. Сондықтан, пойыздар Маңғышлақ станцияна келіп тоқтайды. Қала мен станция арасында автобустар мен көліктер қатынайды, арақашықтығы 20 километр.

Автобус немесе таксимен

Ұшып келгеннен соң немесе пойыздан түскеннен соң Ақтау қаласынан 145 шақырым қашықтықта орналасқан Жаңаөзен қаласына жол тарту керек. Жаңаөзенге жолаушыларды тасымалдайтын автобустар бар. Сонымен қатар, егер де жеңіл көлігіңіз болмаған жағдайда  Жаңаөзеннен жолыңыз бағытталған жерге жету үшін арнайы көлікті жалға алуға болады. Содан Жаңаөзен қаласынан ары қарай 150 шақырым жерде ораналасқан Бекет ата мешітіне беттейсіз.

Жаңаөзеннен белгіленген жеріңізге 2 сағатта жетесіз. Ары қарай, Бекет ата жер асты мешітіне жету үшін екі шақырым жер жаяу жүруге тура келеді.

Қай жерге тұрақтауға болады?

Көшенің аумағында үлкен қонақ үй бар. Орталық бөлмеде тағамның барлық түрі қойылған ұзын дастархан жайылады. Құрбандыққа қой шалынып, зиярат етіп келушілер дастарханнан дәм татады. Негізінде бұл жерге келушілер түнде қонып қалады. Қонақ үйде ұйықтау үшін екі кең бөлме салынған: бірі – ерлерге, екіншісі әйелдерге арналған. Қонақ үйлердің бағасы адам басына 5000 теңге.

1 пікір

  1. Рахмет, толық түсінікті, Астанадан қалай жетуге болады

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!