1 шілдеден бастап қытайлық туристер Қазақстанға ағыла бастайды

«Қытай тарапы 2016 жылдың 1 шілдесін Қазақстанда қытай туристік топтарының топтық саяхаттарын ұйымдастырудың ресми басталған күні деп белгілеуді ұсынды. Қазақстанға бірінші қытай туристік топтары Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі арқылы келуді жоспарлап отыр», — делінген дүйсенбідегі хабарда.

Бүгінгі таңда Қытай жағы Қазақстанға Қытай туристік топтарын жасақтайтын жауапты қытай туроператорларының тізімін жіберді.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 20 мамырында Қазақстанның Қытайдағы елшілігі ҚР ИДМ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және Қазақстан мен Қытайдың ірі туристік операторлары өкілдерінің қатысуымен роуд-шоу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

«Кездесудің тақырыбы — Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығы, меморандум аясында Қазақстанға қытай туристік топтарының саяхатын ұйымдастыру, қытай туристерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы және «Қытайдың Қазақстандағы туризм жылын» өткізу», — делінген баспасөз парақшасында.

ДереккөзКазТаг