Тіл үйренерде аудиокітаптарды қолданудың 5 себебі
- Аудиокітаптың көмегімен сөздердің дұрыс айтылуын меңгересіз. Егер орыс тілінен акцентіңіз болса, аудиокітаптарды қолдану – нағыз сіз іздеген кеңес.
- Бір уақытта бірнеше әрекетті орындай аласыз. Кептелісте тұрғанда, үй жинап, тамақ әзірлегенде де, аудиокітап арқылы уақытты пайдалы өткізуге болады.
- Ғылыми дәлелдер бойынша, аудиокітаптардан білім алудың әсері қарапайым кітаптарға қарағанда 30%-дан 70%-ға дейін жоғары екен. Аудиал болсаңыз, дәл осы тәсілді көбірек қолданғаныңыз жөн.
- Аудиокітаптар адамның зейінін, қиял-еркін арттырады. Актердің интонациясы, тембрі оқиға желісін өзге қырынан қабылдауға әсер етеді.
- Аудиокітаптар – көзге зиян әкелмейтін бірден-бір білім құралы. Аудиокітаптарды тіпті қараңғы бөлмеде де тыңдап, біліммен сусындауға болады.
Қазіргі таңда аудиокітаптар – танымал ғана емес, қолжетімді ресурстар. Егер мақсатты түрде тіл үйрену үшін әрі зейін арттыру мақсатында аудиокітап тыңдауды көздесеңіз, bilimland.kz сайтының орыс тіліндегі аудиохристоматия курсын қолдануға кеңес береміз. Курс әлем әдебиеті жауһарлары мен орыс классиктері шығармаларының бірегей топтамасынан құралған.
Орыс тілін жетік меңгеру үшін аудиокітаптарды қанша уақыт тыңдау керек?
Егер жоспарлы түрде орыс тілін меңгеруді қолға алсаңыз, күніне 90 минутыңызды осы тіліге арнаңыз. Соның кем дегенде 30 минуты тыңдалымға, яғни аудиокітаптарға, подкастарға жұмсалуы тиіс.
Аудиохрестоматия (орыс тілінде) – әлем әдебиеті жауһарлары мен орыс классиктері шығармаларының бірегей топтамасы. Курс материалдарын танымал театр және кино әртістері дыбыстаған. Берілген шығармалар Қазақстан Республикасы мектеп бағдарламасына сай таңдалған.
Бастысы, барлығы ынта мен жігерге байланысты екенін ұмытпаңыз!
Сәттілік!