Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 2,39 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 71,04 доллар болды. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 2,09 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 65,51 долларға жетті.