Басты бетЖаңалықтарАҚШ санкциясы...

АҚШ санкциясы теңге бағамына қалай әсер етті?

6 сәуір күні АҚШ санкциясы енгізген болатын. Келесі күні нарықта өзгерістер болды. «Русал» компаниясының акцияларының айтарлықтай төмендеп, ресейлік рубль бағамының өзгеруіне әсер етті. Министр биржалық агенттердің кез келген жаңалыққа әсер ететінін атап өтті. Соның салдарынан психологиялық субъективті реакция болуы мүмкін.

«Санкцияның біздің экономикамызға әсерін бағамдау үшін, алдағы екі-үш тәулікте жағдайдың қалай өрбитінін қарау керек. Себебі, өздеріңіз білесіздер, нарық кей мәселелердің саясилануын өте ауыр қабылдайды. Сондықтан, бірінші кезекте жағдайдың Ресейде қалай жалғасатынын қарау керек. Егер рубль әлсіресе, жүйелік сипатқа ие болады, қандай да бір әсері бізге тиеді. Бірақ, мұнда Ұлттық банкпен бірігіп, жұмыс істеуіміз керек», — деп жауап берді министр журналистер сұрағына.

Т.Сүлейменов бүгін Премьер-Министрдің төрағалығымен экономикалық саясат жөнінде кеңес өтетінін, онда Ресейдегі ахуал қаралатынын айтты.

ДереккөзInform.kz