Қазақстан тарихы жетінші сыныптан бастап қазақ тілінде оқытылатын болды

«Бұл жылы бастауыш бөлімде барлық пәндер білім алу тілінде жүргізіледі. Егер мектеп қазақ мектебі болса — қазақ тілінде, егер орыс болса — орыс тілінде, ұйғыр болса — ұйғыр тілінде», — деді Жонтаева баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, негізгі мектеп бойынша кезеңмен өту жүзеге асырылады.

«Барлық пәндер білім алу тілінде өтеді. Біз жетінші сыныптан бастап білім алу тіліне қарамастан Қазақстан тарихын қазақ тілінде, ал дүниежүзі тарихын орыс тілінде өтуді ұсынып отырмыз», — деді Жонтаева.

«Жоғарғы мектеп бойынша тоқталып кеткім келіп отыр. Бұл жерде ағылшын тілінде өтетін химия, физика биология, ақпараттық технологиялардан (информатика) басқа барлық пәндер білім алу тілінде оқыту ұсынылады», — деді департамент директоры.