«Қазбат» әскері Ливанға бітімгер болып барады — Талғат Мұхтаров

Талғат Мұхтаровтың айтуынша, қазақстандық әскерлер Үндістан қарулы күштерінің құрамында жұмыс істейді. Олар сол елдің қандай да бір ішкі дау-жанжалдарына араласа алмайды. Тек бітімгер ретінде көмек көрсетуге құқылы.

«Қазір «Қазбат» сапындағы 120 әскерлерді Ливанға жіберу мақсатында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстан тарапы қажетті талаптарды орындап қойды»,- дейді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.

Министрдің орынбасары бұл миссияның БҰҰ-ның өзі ұсынып отырған миссиясы екенін айтады.

«Ол жерге мен басқарған делегация барып, жан-жақты жағдайларды қарап, берілген зоналарды қарап келдік. Бір әскери алты ай сайын ауыстырылып отырады»,- деді ол.

Дереккөз24.kz