Республикалық #Pixel байқауы өз мәресіне жетті

Қазақстан аумағында мұндай тамаша байқау алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Байқаудың жабылуына арналған іс-шараны ұйымдастырушылар нағыз мереке ретінде атап өтті.

Жиынға қатысушыларды кіре берісте фрик-шоу әртістері күтіп алды, олармен бірге арнайы жасалған 3D пресс-қабырғада суретке түсуге болатын еді. Атаулы мерекеге келген әрбір қонаққа лотерея билеті таратылып, оның номері бойынша Kaspersky зертханасының ұсынған сыйлықтарын ұтып алу мүмкіндігі туды. Сонымен қатар осы кеште қазақстандық шоу-бизнестің белгілі өкілдері өнер көрсетіп, қатысушыларға арнап жанды дауыспен отандық және шетелдік бірнеше әндерді орындады. Кештің соңында қатысушылар түрлі-түсті шоуды тамашалады.

Аталмыш іс-шараның демеушілері – Сәтбаев университеті, Lenovo және Kaspersky зертханасы. Байқаудың нәтижесінде үш номинация бойынша барлығы 10 жеңімпаз анықталды.

Best 3d-Animation – үш өлшемді бейнебаян байқауы бойынша:

  • 1-орын – Артур Искаков
  • 2-орын – Шыңғыс Әділхан
  • 3-орын – Арсен Жаньяров

Best Superhero 2D-Art:

  • 1-орын – Айбек Сейіқасымов
  • 2-орын – Диаз Көпеев
  • 3-орын – Арай Қарымсақова

Best Concept Project

  • 1-орын – Еламан Амантаев
  • 2-орын – Валерия Погудина
  • 3-орын – Ойлаш Аймұратова

«Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша берілетін сыйлық Төлепберген Әділханға бұйырды.

Байқауға қатысушылар шынымен де өздеріне лайықты сыйлықтар үшін күресті. Жеңімпаздарды жоғары өнімділікті Lenovo ThinkPad P51 ноутбугы күтіп тұрды, сондай-ақ оларға 6 ай бойы шағын рендер-ферма бағдарламасымен қолдануға рұқсат берілді. Екінші орын алған жеңімпаздар Lenovo Ideapad 710s 13.3 портативті ноутбугына ие болды. Ал үшінші орын алғандарға Lenovo Tap 4 Plus 10 планшеті сыйға тартылды.

Артур Искаков, Best 3d-Animation номинациясының жеңімпазы: Әрине, мен жақсы дайындалдым, әрі жеңетініме сенімді болдым. Менің бейнебаяным – өзім дайындап жатқан бір жарым сағаттық фильм туралы бір минуттық көрініс. Мен ол фильмді екі жыл бойы түсірім жүрмін. Енді мен оны не де болса бітіруге тырысамын. Осы байқау менің кейінгі тағдырыма жол ашады деп ойлаймын. Бұл менің ең алғашқы жобам – дебют. Ал ең алғашқы жұмысымды қиыннан бастайын деп шештім.

Айбек Сейітқасымов, Best Superhero 2D-Art номинациясының жеңімпазы: Біріншіден, ұйымдастырушыларға тамаша сыйлығы үшін алғыс айтқым келеді. Менің бұрынғы ноутбугымда өз кейіпкерлерімді салу қиынға түсетін еді, жүктелуі ұзақ болатын. Енді жұмысым бірнеше есе жеңілдейтін болды. Рахмет!

Еламан Амантаев, Best Concept Project номинациясының жеңімпазы: Мен жылыжай жобасын жасадым. Осыған ұқсас жылыжай Сингапурде бар. Жазда Қазақстанда өткен «жасыл энергетика» туралы «EXPO-2017» көрмесі маған бірталай шабыт берді. Өз жұмысымды осы бағытта әрі қарай жалғастырып, еліміз үшін экологиялық таза жобалар жасағым келеді.