Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке су тасқынымен күреске қосымша қаражат бөлінетінін айтты. Ол үшін Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Маминге тапсырма берді.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстандағы Аягөз, Глубокое, Зырян, Шемонаиха мен Семей қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Су басқан жерлерді тазарту үшін 570 құрал-жабдық, 3107 адам тартылған.