«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

Байқау —  эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы, әдебиет, театр және кино, журналистика және қоғамдық қызмет, спорт, дизайн және бейнелеу өнері, ғылым номинациялары бойынша өтеді. Оған Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ инновациялық жобалармен айналысып жұрген және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен еліміздің 29 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

Құжаттар 2018 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.

Жеңімпаздарға «2017 жылғы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы, диплом, төсбелгілер және ақшалай сыйлықтар беріледі. Толық ақпаратты ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми сайтынан алуға болады.

ДереккөзInform.kz