Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

ОҚО-дағы қайғылы жағдай: Қаза болар алдында әйел қыз баланы жылытуға тырысқан

Құтқарушылар 56 жастағы Әшіркүл Баймұратова мен 7 жасар Инабат Іңкәрбектің мәйітін Дәубаба ауылынан 10 шақырым жердегі Қарақуыс шатқалынан тапқан. 7 жасар Инабат әйелдің қасында отырған күйінде қайтыс болған. Әйел қайтыс болар алдында балақайды жылытуға тырысқан болуы керек: Ол қызды өз шарфымен орап, тіпті өз шұлығын да шешіп оған кигізген. Алайда бұл көмектесе қоймады: қыз бала суықтан қатып қалған деп болжануда.

Жексенбі күні Шымкенттен келген әйел қасына кішкентай сіңлісін ертіп, тауға серуендеп кеткен екен. Сөйтіп, ауылдан ұзай бере жаңбыр жауып, қалың тұман түсіпті. Сондықтан екеуі адасып кетуі мүмкін. Оларды өздері іздеп таппаған ауылдастары полицейлер мен құтқарушыларға хабар берген болатын.

3 күн бойы тау-тасты тінтіген 400 маманға 21 сәуірде ғана Ұлттық гвардия сарбаздары көмекке келді. Алайда, жоғалғандардың мәйіті табылып отыр. Ал тергеу жүргізіп жатқан шұғыл топ марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ОҚО-да жоғалған оқушы қыз бен апасының денелері табылғандығы туралы хабарлаған едік.

Мақалаға реакция

6 Пікір

  1. М
    Мейірбан 9 жыл бұрын
    Басқа үшін өмірін беру өте жақсы.
    1. А
      Аружан 9 жыл бұрын
      басқа үшін деуге келмес. өзінің қызығой
    2. А
      Аружан 9 жыл бұрын
      басқа үшін деуге келмес, өз қызығой...
  2. А
    Айгерим 9 жыл бұрын
    Қайтыс болғандары өкінішті!
  3. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    кызы емеско
  4. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Obal boldi kun sukta kiwkentai kizdi alip wikpau kerek edi..ne oimen...neni oilap wikti ekenn..kizga janim awip otir ...omiri endi bastalip edigoi.....