Басты бетПремьер-министр: Қазақстанның...

Премьер-министр: Қазақстанның оңтүстігінде су тасқыны болуы мүмкін

«Өздеріңіз көріп отырғандай, ауа райы өте құбылмалы болып отыр. Тек қана соңғы аптаның өзінде Астана қаласында, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай және басқа да облыстарда күн райы күрт бұзылып, бірнеше рет алдын ала ескерту жарияланды. Мәліметтер бойынша алдағы күндері Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда  облыстарында да жаңбыр жауып, өзендер арнасынан асуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында да жауын-шашын болады де күтілуде. Бүгінгі күні шығыста жаңбыр және таудан аққан су елді мекендерді басып қалды», — деді Үкімет басшысы.

Қазіргі уақытта Қазақстан облысының Аягөз, Глубокое, Шемонаиха аудандарында төтенше жағдай жарияланған.

 

ДереккөзInform.kz