20 долларлық купюраға қара нәсілді әйел Гарриет Табменнің суреті басылатын болды

АҚШ қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, ол соңғы жүз жылдан бергі уақытта америкалық банкнотта бейнеленген алғашқы әйел болғалы отыр. Осыған дейін Марта Вашингтон және үндіс ханшайымы Покахонтастың суреті бейнелеген болатын.

Марта Вашингтоның бейнесі 1891-1896 жылдары шыққан бір долларлық күміс сертификатта бейнеленсе, ханшайымның суреті 1865-1869 жылдардағы 20 долларлық купюрада таңбаланды.

Жаңадан басылып шығатын 20 долларлық банкнотта құлдықтың жойылуы үшін күрескен Гарриет Табменнің суреті АҚШ-тың жетінші президенті, құл иегері Эндрю Джексонның портретін алмастырмақшы.

ДереккөзҚазАқпарат