Тасмағамбетов әскерилердің дайындығын көзбен көру үшін полигонға келді

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, қорғаныс министрі әскери қызметшілердің іс жүзіндегі іс-қимылдарын бақылап, жеке құрамның кәсіби даярлығын бағалады.

Айта кетейік, бұл оқу-жаттығу шеңберінде әскери қызметшілер төтенше жағдай кезіндегі апат салдарын жою жұмыстарын жүргізеді. Себебі, Сарышаған полигонының ауданы мен осы полигонның әкімшілік орталығы – Приозерск қаласында ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған ғимараттар мен құрылыстар орналасқан. Олар жөндеуге және әрі қарай пайдалануға келмейді.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес белгіленген аумақта орналасқан бірқатар ғимарат пен құрылыс миналанды. Одан кейін мамандар құрылыстарды жарды. Ал әскери бөлімшелер ғимараттарды бөлшектеп, аумақты тазартады.

ДереккөзBnews