Алматыда көркем гимнастикадан «Kerbez Cup» ашық чемпионаты өтеді

Сонымен қатар, наурыздың 24-і күні, сағат 09:30-да, Intercontinental Almaty қонақ үйінде көркем гимнастикадан өтетін ашық «Kerbez Cup» ашық чемпионаты аясында Олимпиада чемпионы Маргарита Мамун мен оның бапкері Амина Зарипованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер:

1. Дөңбаев Әбіл Бекетұлы – Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

2. Маргарита Мамун– көркем гимнастикадан Олимпиада чемпионы (Рио, 2016 ж.).

3. Зарипова Амина Василовна – Олимпиада чемпионы Маргарита Мамунның бапкері.

4. Юсупова Әлия Мақсұтқызы – ҚР еңбегі сіңген спорт шебері.

5. Ескендіров Махмуд Ибрагимович – гимнастика Қазақстан Федерациясының президентінің кеңесшісі.

6. Жакупова Заира Болатхановна – халықаралық дәрежедегі төреші, «Кербез» көркем гимнастика мектебінің директоры.

Айта кетейік, наруыздың 24-і мен 25-і аралығында Маргарита Мамун мен Амина Зарипова жас спортшылар мен олардың бапкерлеріне шеберлік сабақ өткізіп, тәжірибиелерімен бөліседі. Сонымен қатар, олар «Kerbez Cup» ашық чемпионатының жабылу салтанатына қатысады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да