Басты бетҚоғамАлдағы үш...

Алдағы үш күнде бірқатар аймақтарда су тасуы мүмкін

14-16 наурыз аралығында Қарағанды облысында жауын жауады. Ауа температурасы нөлден жоғары болады. Соның салдарынан облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар еріп, өзендер арнасынан тасуы мүмкін.

Қызылорда облысының оңтүстігінде де өзен суы арнасынан асып, жайылымдық жерлерді су басу қаупі артады.

16 наурызда Алматы қаласы және Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде толассыз жауын жауса, таулы аймақтарда қар еріп, су деңгейі көтеріледі.

ДереккөзBaq.kz