11 наурыз сағат 16:30-да су тасқыны салдарынан Баршатас ауылынан Аягөз қаласына дейінгі республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» учаскесінде барлық автокөлік үшін жол жабылды. Ал сағат 17:00-ден бастап, облыстық маңызы бар «Аягөз-Қараауыл-Семей-Қайнар» учаскесінде барлық автокөлік үшін (0-144 шақырым, Қараауыл ауылы) жол қозғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар, сағат 19:00-да көктайғаққа байланысты Қалбатау ауылынан Аягөз қаласына дейінгі республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» учаскесінде қоғамдық көліктер үшін жолдар жабылды.
Сағат 22:00-де облыстық маңызы бар «Күршім-Калжир-Бурабай-Маралиха» (0-75 шақырым) жол учаскесін су шайып кетуіне байланысты барлық автокөлік үшін аталған аумақта жол қозғалысына шектеу қойылды.
Сондай-ақ, 10 наурыз сағат 23:20-да республикалық маңызы бар «Өскемен-Зырян-Қатон-Қарағай-Рахман қайнары» трассасындағы Ұшан ауылынан Зырян қаласынан дейінгі аумақта жауын-шашын және көктайғаққа байланысты жүк және қоғамдық көліктер үшін жолдар жабылды.