6 наурыз сағат 19:00-ден бастап қатты бұрқасын, көру мүмкіндігінің мүлдем болмауы салдарынан Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.
6 наурыз сағат 22.50-ден бастап ауа райының бұзылуына орай «Ақтөбе-Орск» автожолының 16-135 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласы-РФ шекарасы) жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Қарағанды облысында 6 наурыз сағат 19.30-дан бастап көру мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты «Жезқазған-Петропавл» автожолының 65-252 шақырым аралығында барлық көлік түрлеріне қозғалысқа тыйым салынды.
6 наурыз сағат 23.00-ден бастап Ақмола облысында автожолдардың жабылуына байланысты «Алматы-Екатеринбург» күре жолының 1071-1142 шақырым аралығы (Теміртау қаласы-Ақмола облысының шекарасы) барлық көліктер үшін жабылды.
Солтүстік Қазақстан облысында да 6 наурыз сағат 20.00-ден бастап жаңбыр, қатты көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел болғандықтан бүкіл бағыттар бойынша көліктің барлық түрлеріне жолдар жабылды.
Қостанай облысы 6 наурыз сағат 20.00-ден бастап Ақмола облысы мен СҚО-да жолдардың жабылуына байланысты барлық көлік түрлері үшін келесі автожолдарда қозғалысқа тыйым салынды:
- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (108-232 шақырым, Әулиекөл кенті-Челгаши-Ақмола облысының шекарасы),
- «Жезқазған-Петропавл» (377-340 шақырым, Ақмола облысының шекарасы-Арқалық қаласы-Қарағанды облысының шекарасы),
- «Мамлютка-Қостанай» (180-243 шақырым, Ұзынкөл кенті-СҚО шекарасы),
- «Екатеринбург-Алматы» (678-729 шақырым, Сарыкөл кенті-СҚО шекарасы).
Астанада 6 наурыз сағат 21.00-ден бастап қар, қатты көктайғақ, 15-25 м/с екпіндегі жел, көру мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты көліктің барлық түріне бүкіл бағыттар бойынша жолдар жабылды.
Ақмола облысында 6 наурыз сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түріне бүкіл бағыттар бойынша жолдар жабылды.
Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында 6 наурыз сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түріне бүкіл бағыттар бойынша жолдар жабылды.