Ирак мемқызметшілері Қазақстанда оқытылады

Алик Шпекбаев Агенттікпен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында Ирак Республикасының мемлекеттік қызметшілерін оқыту мүмкіндігі қарастырылатындығын айтты.

Атап айтқанда, мемлекеттік басқарудың негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру, жобаларды басқару, мемлекеттік басқару жүйесіндегі көшбасшылықты, стратегиялық менеджментті оқыту көзделуде.

«Ирак әріптестерін Қазақстанда оқыту мемлекеттік қызметтің сапасы мен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша қазақстандық тәжірибені халықаралық деңгейге көтеруге  септігін тигізеді», — деді Агенттік төрағасы.

Жалпы, сенімді өкілдің бастамасы, тараптар арасында қол қоюға жоспарланған Меморандум аясында, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар мен гранттар шеңберінде Агенттікпен жүзеге асырылатын болады.

Сонымен бірге, Агенттік төрағасы Қазақстанның мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтерді көрсету салаларындағы  жетістіктері туралы әңгімеледі.

Өз кезегінде Салим Юнус мырза екі елдің кәсіби мемлекеттік аппарат құрудағы қарым-қатынастарының тиімді және сындарлы дамуына сенім білдірді. Сыбайлас жемқорлық — әртүрлі дәрежеде барлық елдерге әсер ететін күрделі әлеуметтік, саяси және экономикалық құбылыс екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол Ирактағы адалдық комиссиясының қызметі туралы хабардар етті.

null

«Комиссияның міндеті — Ирак үкіметінің барлық деңгейлерінде жемқорлықтың алдын алу және тергеу. Комиссия азаматтарға анонимді тәсілдермен сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға мүмкіндік беретін мемлекеттік білім беру және білім беру бағдарламалары арқылы ашық, адал және жауапты үкіметті алға жылжытуға және көтермелеуге ұмтылады», — деді Салим Юнус.

Дереккөзkazinform.kz