Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды

Шараға аймақ басшысы Мәлік Мырзалин, қала және аудан әкімдері, облыстық басқарма, ведомство басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Олжас Бектенов пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалиновтың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қолға алынып жатқан шаралары туралы баяндамалары тыңдалды.

«Жыл басынан бері тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 900-ден, ғаламторда 350-ден астам материал жарияланды. Бүгінде мемлекеттік мекемелерде 189 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар 3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетті», — деді Олжас Бектенов.

Отырыста агенттік төрағасының орынбасары мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды одан ширатуды тапсырды.