Алмат Кебісбаев екінші мәрте Азия чемпионы атанды

Финалдық кездесуде жапондық спортшы Сушику Шимоямадумен боз кілемге шыққан жерлесіміз екі нәтижелі әдіс жасап жеңіске жетті. Бұл Алмат Кебісбаевтың Азия чемпионаттарынан алған екінші алтын медалі.

2011 жылы Азияның үздігі атанған Алмат Кебісбаев 2009, 2017 жылдары финалға дейін жеткен болатын.

Айта кетейік, Азия чемпионаты-2018 финалдық кездесулеріне енді Демеу Жадыраев пен Асхат Ділмұхаметов шықпақ.

ДереккөзInform.kz