Республиканың басым бөлігіне тұман түседі. Батыс Қазақстанда қар жаумайды. Кей жерлерде жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарына тұман түсіп, боран соғады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні 23-28 метрге жетеді.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, күндіз-түні тұман түсіп, боран болады.
Алматы облысында күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында тұман болады.
Қостанай облысында боран соғып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында ауа райы тұманды болады.