Д.Назарбаева Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Федерация Кеңесі Халықаралық істер комитетінің бірлескен отырысының қорытындылары туралы әңгімеледі. Сенатордың пікірінше, Қазақстан Парламенті Сенаты мен Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысымен қоса парламентаралық өзара іс-қимылдың осындай тетігі Еуразиялық ынтымақтастық жолында туындайтын нақты мәселелер мен кедергілерді жедел шешу үшін өте тиімді.
В.Матвиенко екі елдің парламенттері жоғарғы палаталарының мүшелерін Қазақстан мен Ресей президенттерінің төрағалық етуімен жыл сайын өтетін Аймақаралық ынтымақтастық форумына белсенді түрде ат салысуды ұсынды.
Федерация Кеңесінің басшысы Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесінде табысты төрағалық етуімен құттықтады және Д.Назарбаеваны биылғы қыркүйекте өтетін Еуразиялық әйелдер форумына қатысуға шақырды.
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуінде парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту мен ұлттық заңнаманы үйлестіру мәселелері талқыланды.
Мәскеуге жұмыс бабындағы сапар барысында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшелері (министрлер) Тимур Жақсылықов және Марат Құсайыновпен кездесу болды.
Еуразиялық ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылай келіп, Д.Назарбаева интеграциялық үдерістерді жария етудің жеткіліксіздігі жайында атап өтті. Сенатор ЕАЭО телевизиясын құру туралы ұсыныс айтты.