Еліміздің кей жерлерінде жауын жауса, шығыс өңірлерде күн ашық болады. Кей өңірлерде тұман болып, солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Сондай-ақ, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды, Ақмола облыстарының бірқатар аудандарында тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында күндіз, ал Атырауда түнде тұман болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.