Air Astana күн сайын Лондонға қатынайтын болды

Рейс КС 941 сәрсенбі күні Астанадан сағат 14.35 (жергілікті уақытпен) ұшып кетеді, Лондонға сағат 16.40 (жергілікті уақытпен) ұшып келеді.

Рейс КС 942 сәрсенбі күні Лондоннан сағат 17.55 (жергілікті уақытпен) ұшып кетеді, Астанаға сағат 05.20 келесі күні ұшып келеді (жергілікті уақытпен).

Рейс КС 941 жұма күніі  Астанадан сағат 12.35 (жергілікті уақытпен) ұшып кетеді, Лондонға сағат 14.45 (жергілікті уақытпен) ұшып келеді.

Рейс КС942 жұма күні Лондоннан сағат 18.05 (жергілікті уақытпен) ұшып кетеді, Астанаға сағат 05.30 келесі күні ұшып келеді (жергілікті уақытпен).

 «Бұл сұранысы мол және Қазақстан мен Ұлыбританияны байланыстыратын рейсті күнделік жасағанымызға қуаныштымыз. Лондонның маңызы іскер адамдар мен туристер үшін күннен күнге өсіп келеді. Бұл әуекомпания үшін стратегиялық тұрғыдан қолайлы сәтінде болып жатыр, өйткені біз IPO-ға шығуды жоспарлап отырмыз», — деді «Эйр Астана» президенті Питер Фостер.

Сондай-ақ, Астана арқылы ұшатын жолаушыларымыз Алматыға дейін ыңғайлы түйісулерді және әуекомпанияның одан арғы бағыттарын пайдалана алады. Астанадан Үрімшіге, Делиге, Новосибирскке, Омбыға, Түменге, Екатеринбургке ұша алады.

Рейстер Лондонға Боинг-757 ұшағымен орындалады. Әуебилет бағасы эконом-класта, тек сервистік алымды қоспағанда 211 682 теңгеден басталады.

Билеттерді airastana.com сайтында, билет сату кеңселерінен және 8 (7172) 584477 телефон арқылы сатып алуға болады.