Тек республиканың оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында жауын-шашын болмайды. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.
Елдің кей жерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғып, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 25 м/с күшейеді.
Жамбыл, Атырау, Қызылорда облыстарында көктайғақ болады.
Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болуы ықтимал.