Қаратал ауданында 5 жоба іске аспақ

Жоғарыда аталып өткен «ЦИСТАНХЕ» ЖШС-нің мия тамырын өңдеу зауытында жаңадан тұрақты 50 және маусымдық 250 жұмыс орны ашылады. Аталған жоба 2018-2019 жылдары іске асырылады. Жобаның құны 1,8 млрд.тенге. Қуаттылығы жылына 11000 тонна мия өңделіп, 1000 тонна «Мия сіріндісі» алынады.

«Absolut incom-E» ЖШС, бір реттік ыдыс-аяқтарды өндіру цехі 50 жаңа жұмыс орнымен халықты қамтамасыз етпек. Жобаның құны шамамен 58 млн.теңге.

Келесі «Стамбеков» жеке кәсіпкерлігі құрылыс материалдарды, безендірілген шарбақтарды өндірумен айналысады. Аталған жоба 2019 жылы іске асырылып, 5 жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, инвесторлардың күшімен төмендегідей жобалар іске асырылмақшы.

Құны 197 млн.теңгені құрайтын Қ.Зорбаевтың 120 сауда орындық «Дәубай» базарын заманауи форматта жаңғырту» жобасы жүргізілуде. 10 жұмыс орны ашылып, базарды заманауи форматта базар құрылысы және жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Бүгінде базардың іргетасы қаланып, ригельдері көтерілді. Құжаттамаға сәйкес, базар 2 қабаттан тұрады. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс жұмыстары аяқталып, базар пайдалануға беріледі.

Жеке кәсіпкер Ж.Бласов монша, шағын маркет, құрылыс дүкені, дәмхана және қонақ үй салу жобасының жұмыстарын жүргізуде. Оның құны 120 млн.теңге. Қазіргі уақытта шағын маркет құрылысы аяқталып, іске қосылды. Қалған нысандар 2018 жылы іске асырылады.

«Елтай ауылдық округінде «Suleymen» ЖШС-нің «Табиғи ешкі сүтінің өндірісі» жобасы 10 жаңа жұмыс орнын ашпақ. 50 бас асыл тұқымды канадалық ешкілер сатып алынып, 3 адам жұмыспен қамтылды», — деп қорытындылады Р.Рақымбеков.