Қорғас шекаралық аймағында тың жобалар іске асырылуда

Бүгінде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде өткен жылы аталған сауда орталығына келушілер саны 1 миллион адамнан асқан.

«Қорғас» ШЫХО АҚ-ның өкілі Рауан Ақкешиннің айтуынша, орталық сауда-экономикалық, туристік және инвестициялық ынтымақтастығы үшін бірыңғай шекара аймағында құрылған. Бұл Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің бірегей ортақ жобасы. Қазір ол жердегі барлық инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы толық аяқталып, 2017 жылы 236 гектар резервтік жерлерінің қосылуына байланысты жалпы жобалық жоспарға біраз түзетулер енгізілген.

Атап айтқанда, бас жобаға сәйкес 79 құрылыс нысанын салу көзделген. Қазіргі кезде инвесторлар арасында 32 құрылыс нысанына 134,12 гектар жер бөлінген. Оған қажетті 800 млрд.теңге инвестициялардан деп жоспарланса, қазір шамамен 443,1 млрд.теңге қаражат тарту келісім-шарттарына қол қойылған. Оның өткен жылы 117 млрд.теңгесі тартылған. Сонымен бірге іскерлік ынтымақтастыққа, мәдени және ғылыми тәжірибе алмасуға, ойын-сауық инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінген.

Ондағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, орталықтың жұмысын жетілдіруге, инвесторлардың ашық бизнесін жүргізуге және туристерге келіп кету үшін қолайлы жағдай жасалған.