Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың сәуір айында жеткізілетін фьючерстері 1,09 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 62,77 доллар болды.

Ал Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,97 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 66,39 долларды құрады.

ДереккөзInform.kz