Нью-Йоркте Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығы тойланды

Нью-Йоркте Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай БҰҰ-на мүше елдердің өкілдері, америкалық қауымдастық мүшелері, тілшілер мен сарапшылардың қатысуымен салтанатты рәсім өтті.

Биыл Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі құрамындағы жұмысының алғашқы жылы аяқталуға жақын. Ал бірнеше күннен кейін еліміз әлемдік қауымдастыққа төрағалық ететін болады. Салтанатты рәсімге жиылған қонақтар Қазақстанға сәттілік тілеп, Елбасының жаһандық бастамалары үшін алғыс айтты.

Шарада фотокөрме ұйымдастырылып, «Қорқыт» этнографиялық ансамблінің концерті өтті. Сахнада танымал қазақ композиторларының туындылары мен күй-термелері орындалды.

«Мен елдеріңіздің Тәуелсіздік күнін алғаш рет атап өтіп отырғам жоқ. Астанаға арнайы барып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенмін. Қазақстанда түрлі этникалық және діни топтар тату-тәтті тұрады. Халқыңызға тыныштық мен бақыт тілеймін! Елдеріңіз өсіп-өркендей берсін!»- деп лебізін білдірді раввин Артур Шнайер.

Дереккөз24.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қор нарырығында доллар 460 теңгеден саудаланып жатыр

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 20 наурызға арналған бағамын белгіледі.

Елімізде тағы 77 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 77 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазақстанда сайлауға дейінгі тыныштық күні басталды

18 наурыз мәжілісті және мәслихаттар депутаттарын сайлау қарсаңында тыныштық күні болып жарияланды. Бұл күні кез келген үгіт-насихат заңсыз болып есептеледі.

Мәжілісті сайлау: алматылықтар қалай дауыс беріп жатыр?

Мәжіліс пен Алматы мәслихатына депутаттар сайлауында қарттар дауыс берді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Ұлыбританияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлиді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Шетелдегі қазақстандықтарға арналған соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады

Калифорнияның Сан-Франциско қаласында Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне депутаттарды сайлау аяқталды.