Астанада Әзербайжан Республикасының 100 жылдығы атап өтілді

Жиынның кіріспесінде Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадов сөз алып, Әзербайжан Республикасының тарихи маңызы жайлы айтып өтті.

Бас кеңсесі Бакуде орналасқан Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева мен TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі де Әзербайжан халқын мерейлі датамен құттықтады.

Аталмыш шараға Әзербайжаннан арнайы келген танымал музыкант, осы елдің еңбек сіңірген әртісі Ислам Манафов классикалық музыкадан концерттік бағдарлама ұсынды.

Айта кетейік, Әзербайжанның Қазақстандағы Елшілігі мен Түркі мәдениеті және мирасы қоры бірлесіп ұйымдастырылған шара TWESCO қолдауымен өтті.

ДереккөзInform.kz