Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, қар жауады

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с-ге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында тұман, желдің екіпіні 15-20 м/с-ге жетеді. Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ болады.

Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі.