Қысқы спорт түрлеріне биатлон, трамплиннен секіру, бобслей, скелетон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек сияқты спорт түрлері жатады.

Биатлон

Биатлон
©cismsochi2017.com

Биатлон — белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді.

Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған. Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады.

Қысқы биатлонның кейбір нұсқаларында винтовка орнына садақ қолданылса, басқаларында тіпті аңшы мылтығы және аңшы шаңғысы пайдаланылады.

Бобслей

бобслей
©tass.com

Бобслей — шанамен сырғанау спортының бір түрі.

Спорттың бұл түрі 19 ғасырдың аяғында Швейцарияда пайда болған. Бобслей жарысы биік жал сияқты етіп екі қапталына және табанына мұз қатырылған, шұғыл бұрылыстары бар, арнайы жолдарда өткізіледі. Экипаж 2 және 4 адамнан тұрады.  Шананың сырғанау жылдамдығы сағатына 100 км-ден астам болады. Бобслей 1924 жылдан бастап қысқы Олимпия ойындарының бағдарламасына енді. Еуропа, Азия және Дүние жүзі чемпионаттары өткізіледі. Арнайы жасалған бобслейдром болмағандықтан Қазақстанда дамымаған.

Сноубординг

Сноубординг
©zextrem.com

Сноубординг — олимпиядалық спорт түрі. Ол U-тәрізді хафпайптарда немесе қарлы бөктер бойымен ылдиға қарай шапшаң сырғанаудан тұрады.

Сноубордистер арнайы құрастырылған хафпайпта, не қарлы тау бөктерінде жарысады. Хайфпайппен жарысқа қатысушылар мақсаты — бес төрешінің алдында акробатикалық айла-тәсілдерді орындаған уақытта өз тақтайында қалу. Төрешілердің үшеуі айла-тәсілдерді бағалайды, ал қалған екеуі бірден онға дейін жалпы жаттығулар үшін бағалар қояды. Әрбір сноубордиске оның төрешілерді таңқалдырып үлгеруі және ұпай жинау үшін екі түсу мүмкіндігі беріледі. Сноубордкросс және слаломда мәре сызығын бірінші болып кесетін не мәреге ең аз уақытта келетін спортшы ұтады. Сноубордкроста жарысқа қатысушыларға бірін-бірі итеруге немесе қарсыластарды трассадан итеріп жіберуге тыйым салынады. Алып слаломда сайыстар жүріп өтулерге бөлінген. Бірінші жүріп өтуде құлайтын, қақпаларды өткізіп алатын немесе мәреге жете алмайтын ойыншылар айыптық уақыт алады.

Скелетон

скелетон
©sportbox.ru

Скелетон — арнайы шанамен таудан шапшаң түсу түрінің бірі. Скелетонның құрылымы өте қарапайым: қорғасынды салмақтармен ауырлатылған болаттан жасалған екі табан мен жақтаудан тұрады. Қолмен басқаратын тетік болмайды. Скелетон екі рет Олимпиялық ойындардың бағдарламасына кірді.

Керлинг

Керлинг

Кёрлинг (ағыл. curlingcurl — айналдыру), гэль футболына арналған алаңда өткізілетін көгалдағы хоккейге ұқсас ирландтардың байырғы ойыны. Неміс тілді елдерде — айсшиссен деп аталады.

Альбервильде өткен ХVІ қысқы Олимпиялық ойындарда көрсетілім ұйымдастырылғанымен тек 1998 жылы Наганода ерлер жене әйелдер арасында 2 медальдар комплектісі сарапқа салынған.

Шорт-трек

Шорт-трек
©russkating.ru

Шорт-трек XIX ғасырдың соңына таман пайда болған спорттың бір түрі. Шорт-тректен жарыс былайша өтеді. Әйелдер де, ерлер де 1500, 500, 1000 және 3000 метрлік қашықтықтарда күш сынасады.

Бірінші орын алған спортшы — 5, екінші орын алған спортшы — 3, үшінші орын алған спортшы — 1 ұпайға ие болады. 1000 және 1500 метрлік қашықтықтарда мәреге алты спортшы шықса, 500 метрлік қашықтықта олардың сандары төртеуден аспайды, ал 3000 метрлік қашықтықтағы бәсекеге алдыңғы үш қашықтық боынша бірінші-сегізінші орын алған спортшылар ғана жіберіледі. Ереже бойынша іріктеу және финалдық жарыстар өтеді. Жеңіске төрт қашықтықтың қорытындысында ең көп ұпайға ие болған спортшылар жетеді.

Фристайл

Фристайл
©sarbc.ru

Фристайл — соңғы жылдары көптеген елдерде кең тараған қысқы Олимпиядалық ойындарының бірі. Азия ойындарының бағдарламасына енген қысқы спорт түрі. Қарлы беткейінен құлдилап түсу кезінде әртүрлі бағдарламаларды орындайтын Фристайл:

1) балет,

2) акробатикалық секірістер,

3) могул болып үшке бөлінеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!