Қысқы Олимпиада-2018: Шаңғышылар жүлдеге ілікпеді

Бұл жарыста ел намысын Елена Коломина, Анна Шевченко, Валерия Тюленева бастаған үш спортшымыз қорғаған болатын. Алайда, үшеуі де жүлделі орындарға іліге алмады.

Олардың арасында ең үздік нәтижені Валерий Тюленьев көрсетті. Ол мәре сызығын 28 минут 20,7 секундта 47-ші болып кесті. Ал Анна Шевченко 28 минут 56,9 секундта 56-шы, ал Елена Коломина 29 минут 13 секундты көрсетіп, небәрі 63-ші орынды қанағат тұтты.

Айта кетейік, жеке жарыс бойынша алтын медальді норвегиялық шаңғышы Рагнил Хага жеңіп алса, күміс жүлдені швед спортшысы Шарлотт Калл қанжығасына байлады. Норвегиялық Марит Бьерген үздік үштіктен көрінді.

ДереккөзVesti.kz