Нұрлан Таубаев Атырау әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Жаңа орынбасар Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен 15 ақпанда тағайындалды.

Нұрлан Таубаев Атырау мұнай және газ институтын тау инженері және геолог мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар, заңгер және экономистің дипломы бар. Бұған дейін ол ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департамент директоры қызметін атқарды.

Дереккөзmgorod.kz